Пәтер сатып алмас бұрын білуіңіз керек 8 маңызды ереже

Пәтер сатып алу — маңызды әрі жауапты шешім

Пәтер сатып алу — маңызды әрі жауапты шешім. Бұл қаржылық қана емес, заңдық тәуекелдермен де байланысты. Krisha.kz сарапшылары пәтер сатып алу кезінде алданып қалмау үшін мынадай маңызды жайттарға назар аударуға кеңес береді:

 

  • Құжаттарды мұқият тексеріңіз. Қате немесе түзету бар құжаттар жарамсыз. Тек түпнұсқа талап етіңіз.

  • Сенімхатпен сату қауіпті. Иесінің өзі қатыспаса, мәміледен бас тартқаныңыз дұрыс.

  • Заңсыз қайта жоспарлау (балконды қосу, қабырға бұзу) пәтерді ипотекаға рәсімдеуге немесе кейін сатуға кедергі келтіреді.

  • Құрылыс жүріп жатқан үйден пәтер аларда міндетті түрде заңды құжаттарын тексеріңіз. Тек үлестік қатысу шарты (ДДУ) арқылы сатып алыңыз.

  • Мансард не цоколь қабаттағы пәтерлер кейде заң жүзінде "техникалық" болып есептеледі – сот арқылы да тартып алынуы мүмкін.

  • Жиі сатылған пәтерлерден сақ болыңыз. Бұл мүлікке қатысты дау немесе қарыз болуы мүмкін.

  • Мұрагерлікпен алынған пәтерде кейін жаңа мұрагерлер пайда болуы мүмкін. Алдын ала нотариустан тексертіп алыңыз.

  • Сатушы күдік тудырса (жасы үлкен, мінез-құлқы оғаш) – мәміледен бұрын психикалық денсаулығына қатысты анықтама сұрауға құқығыңыз бар.