Оралдағы спорт мектебіне барған 5 жасар бала соқыр болып қалды

Баланың анасы болған жағдайға байланысты полицияға арызданғанымен, қылмыстық іс тоқтатылғанын айтып, наразылық білдіріп отыр.

Оралдағы спорт мектебінде 5 жасар бала соқыр болып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты EGOV.PRESS арнасына сілтеме жасап.

Орал қаласындағы  Arashi MMA спорт мектебінде ауыр жарақат алған 5 жасар Ерсұлтан көру мүмкіндігінен айырылып, мүгедек болып қалды. Баланың анасы болған жағдайға байланысты полицияға арызданғанымен, қылмыстық іс тоқтатылғанын айтып, наразылық білдіріп отыр. Қазір Ерсұлтан ресми түрде мүмкіндігі шектеулі бала ретінде танылған.

Анасының айтуынша, жаттығу кезінде ересек балалардың бірі ауыр темір құрылғыларды итеріп жіберіп, оның салдарынан Ерсұлтанның көзіне зақым келген.

Анасы бұл жағдайды жай қалдырмай, ҚР Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінен істі қайта қарауды сұрап отыр. Оның шағымы әлеуметтік желілерде жарияланып, жұртшылықтың қызу талқысына түсті.