Қазақстанда 31 желтоқсан күні демалыс берілмейді

Жаңа жылдың алды ресми деңгейде жұмыс күні болып қала бермек.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің басшысы Шалқар Оразбеков 31 желтоқсан демалыс күні болмайтынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жаңа жылдың алды ресми деңгейде жұмыс күні болып қала бермек.

"Біз бұл мәселені қарастырдық, халықаралық тәжірибені зерттедік. Соның негізінде 31 желтоқсан барлық елде жұмыс күні, ал 1-2 қаңтар мереке күндері екенін анықтадық, демек 1-2-сі демалыс күндері деген қорытындыға келдік. Енді 31 желтоқсанды мереке күні деп жариялау мәселесі қарастырылып жатқан жоқ", – деді Оразбеков.