«Біз, Түркістан қаласына тарихи мәртебе беру – Елбасының жобасы екенін естен шығармауымыз керек. Сол себепті, тарихи қаланың ерекшелігін сақтай отыра, оны заманауи бағытта дамытудың негізгі үш бағытын жүзеге асырып келеміз. Ол үш бағыттың бірі –Тарихи-мәдени аймақ. Екіншісі – әкімшілік-іскерлік орталық, үшіншісі – ескі қаланы жаңғырту», – деді облыс әкімі Ө. Шөкеев Түркістан қаласының әкімі Р. Аюповтың халыққа есеп беру кездесуінде. Облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң баға берген өңір басшысы бірқатар тапсырма жүктеді.
«Қала тұрғындары мен жаңадан қоныстанушылар тарапынан тұрғын үйге деген сұраныс артуда. Осыған сәйкес, салынатын тұрғын үйлердің санын арттыру және сыртқы келбеті мен сапасына мән беруді; Тұрғын үйлердің инженерлік-инфрақұрылыммен (абаттандыру, газ, су, кәріз, электр жарығы, жылу, байланыс торабы, т.б.) толықтай қамтамасыз етуіміз керек».Басты мақсат – Түркістан қаласын тұрғындары мен қонақтарына жайлы, қауіпсіз, таза, көрікті де әсем қалаға айналдыру», – деді Ө. Шөкеев.