Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанға хат жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз хатында Анкараға ресми сапары кезінде қонақжайлық танытқаны үшін президент Режеп Тайып Ердоғанға шынайы ризашылығын білдірген.

Қазақстан Президентінің пікірінше, Түркия астанасында өткен келіссөздер екіжақты ынтымақтастықтың бауырластық, өзара сенім және стратегиялық серіктестік рухында дамып, бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілгенін көрсетеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Еліміз Түркиямен БҰҰ, Түркі мемлекеттері ұйымы және басқа да халықаралық құрылымдар аясындағы ықпалдастықты жоғары бағалайды. Сондай-ақ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті институттандыру процесіне тұрақты қолдау білдіргені үшін алғыс айтады,  делінген арнайы хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.