Өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білім салтанатын құру, сананың ашықтығы, эволюциялық даму сынды 6 бағытта өрбіп, «Туған жер», «Қазақстандағы 100 жаңа есім», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі», «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» 6 арнайы жобасы бойынша, сондай-ақ «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясындағы 7 бағыт бойынша жүргізілген. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарына 283 жоба енгізіліп, 2 000-нан астам шара ұйымдастырылды. Бұл шараларға облыстық бюджеттен 476,8 млн теңге бөлініп, демеушілік қаржы есебінен 4,6 млрд теңге тартылды. Болат Өтемұратов қоры көпбалалы 100 отбасына 100 үй салып беруге 2 млрд теңге, «ҚазГерМұнай» ЖШС БК «Жастар орталығы құрылысына 1,7 млрд теңге, «Абай-Дәулет» ЖШС балалар ойын алаңы құрылысына 3 млн теңге бөлген т.с.с. Ежелгі дәуірден қазірге дейін Сыр өңірінде дүниеге келген әдеби, мәдени және тарихи мұраларды жаңаша көзқараста қайта зерделеп, олардың әлемдік өркениеттегі орнын бағамдау мақсатындағы «Сыр өңірінің түркі халықтарының тарихы, мәдениеті мен өнеріндегі алатын орны» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Қазақ әдебиетінің тарландары фәниден өткен ақындар Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығы мен Жарасқан Әбдірашевтің шығармашылығына арналып халықаралық «Парасатты поэзия» фестивалі дүбірледі. Ел ішіндегі талантты, талапты жастарды жыраулық өнерге баулып, үлкен сахналарға шығуына жағдай жасау, көне мақам-саздарды, терме-толғауларды жас жыршылардың жыр қорына қосу, жыр-мұраны келешекке жеткізер жыршылар қатарын көбейту мақсатында «Жыр-мұра» жобасы жүзеге асырылады. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жанынан құрылған «Рухани жаңғыру» институтының «Сәтті жобалар» жинағын шығаруға біздің облыстан 2 жоба енгізілген екен. Олар: Қорқыт ата мұрасын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында «Қорқыт атаның даналық сөздері» кітабы шығарылған. 3 мың данамен жарық көрген бұл кітап облыс кітап-ханаларына таратылмақ. «Сәтті жоба» аталған тағы бір жоба жеткіншектерді еңбекке баулу мақсатын алға қойған «Ізденіс» жасыл академиясының жастарды бау-бақша өнімдерін өсіру арқылы еңбекке баулу» жобасы, жеткіншектерді ауыл өмірімен таныстыру, еңбек адамын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында «Өзекті ауыл өмірі, қарбалас қала тірлігі» Vіllaga Lіfe жобасы жүзеге асырылған. «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында өңірдегі өнер ұжымдары шетелдерге сапарлап, Сыр өңірінің өнерін паш еткен. Облыстық филармонияның камералық оркестрі түркі тілдес елдердің қатысуымен Босния-Герцеговина мемлекетінде өткен классикалық камералық оркестрлер фестиваліне қатысып қайтқан «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі ғарышкерлер күніне орай Мәскеудің Кремль сахнасында өнер көрсеткен. Тамыз айында Қазақстанның Өзбекстандағы жылы аясында Өзбекстандағы «Қызылорда күндері» өткізіліп, осы шара аясында Ташкентте «Орта Азия мен Қазақстанның білім мен мәдениетін дамытудағы Темірбек Жүргеновтің жасампаз жолы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылған. Сондай-ақ Өзбек ұлттық академиялық драма театрында Н.Бекежанов театры Рахымжан Отарбаевтың шығармасына қойылған «Нарком Жүргенов» спектаклін сахналаған. Облыстық театрдың академиялық мәртебесін иеленгені де өткен жылдың айтулы жаңалығы. Театрдың 9 жас маманы Орта Азия елдерінен тұңғыш рет Ресейдің мемлекеттік театр өнер институтында білім жетілдірген. Сондай-ақ т.б. сахналарда облыстың өнер шеберлері өнерін паш еткен.
«Сыр елі – жыр еліндегі» өткен жылғы айтулы бір жаңалық Тұрмағамбет шайырдың бұрын жарияланбаған қолжазбасы табылып, «Алаштың асыл мұрасы» жинағы шығарылды.
Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымымен бірлестікте дәстүрлі «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалі өткізіліп, фестивальге Түркия, Иран, Грузия, Әзербайжан, Өзбекстан, Сербия, Саха, Башқұртстан, Татарстан, Қырғыз Республикасының және еліміздің өнер шеберлері, белгілі ғалымдар қатысып, дәстүрлі фестивальдің даңқын өсіре түсті. Қорқыт ата мұралары ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілгенінен, жалпы Сыр жұртшылығы хабардар болса керек. Осы орайда тағы бір сүйіншілейтін жаңалық облыстық филармония жанынан қобызшылар ансамблі құрылды. «Сыр елі – жыр еліндегі» өткен жылғы айтулы бір жаңалық Тұрмағамбет шайырдың бұрын жарияланбаған қолжазбасы табылып, «Алаштың асыл мұрасы» жинағы шығарылды. Елімізде дәстүрлі түрде республикалық «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасында біздің өңірден жоба жеңімпазы атанған дәрігер-хирург Болатбек Баймаханов басқа қалада тұрса да туған жеріне келіп жас дәрігерлерге шеберлік сағаттарын өткізіп, бірнеше ауыр ота жасады. Тоғызқұмалақшы Әсел Далиева ұлттық спортты насихаттап, шәкірт тәрбиелеп турнирлер өткізіп жүр, күріш өсіру саласындағы ғалым-селекционер Александр Подольских күрішшілерге шеберлік сабағын өткізгеннен бөлек, жас ғалымдарды тәрбиелеуде. Жоба жеңімпазы педагог-психолог Сымбат Абдрахманованың қоғам үшін жасаған еңбегін жоғары бағалаймыз. Қазақ тілінде түсірген мультфильмдерінің бірі — өңір тарихына арналған «Сиқырлы кілт» мультфильмінің көрсетілімін жазғы демалыс лагерлерінде ұйымдастырдық. Облыстық телеарнадағы «Жаңа күн» бағдарламасында педагог-психологтың «Психолог кеңесі» айдары жүргізіледі. Суицидтің алдын алу бойынша тәжірибесі Иранда, Қазақстанда насихатталуда, – деп облыс әкімінің орынбасары «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарына ерекше тоқтады. С.Абдрахманова биыл сондай-ақ NEET жастар арасында өмірлік дағдыларды қалыптастыру тақырыбында барлық ауданда ерікті психологтар тобының курсын өткізбек екен. Ағымдағы жылы атқарылмақ маңызды шаралар қатарында SACRAL TUR, «Электронды көрме» жобалары, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» ғылыми-әдістемелік конференциясы, «Латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиін үйрету жолдары мен тәсілдері» атты республикалық ғылыми конференциясы, «100 жаңа оқулық» кітап көрмесі, «Абайдың рухани мұрасы» виртуалды көрмесі, «Өз жеріңді танып біл» туристік экскурсиясы, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарының қатысуымен TALKS форматындағы кездесу, республикалық жастар слеті, «Туған жерге тарту» қайырымдылық акциясы белгіленген. Еріктілер жылына орай еріктілерді қатыстыра отырып «Туған жер» жобасы аясындағы шараларға халықтың өзге де әлеуметтік топтарын қатыстыру жоспарланған. «Ұлы дала Fest» тақырыбында ұлттық дәстүрлер фестивалі, Ресей, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы қазақтары тығыз қоныстанған аймақтарына жас жыраулардың шығармашылық іссапарын ұйымдастыру, оқушылар арасында «Әкеме хат» шығармалар байқауын ұйымдастыру жоспарланған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесімен халықты хабардар ету мақсатындағы «Жаңғырған Сыр елі» керуені ұйымдастырылып, қала, аудандарда зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, ақындар қатысуымен кездесулер, шеберлік сағаттары, ашық аспан асындағы концерттер ұйымдастырылмақ екен. Қысқаша тұжырымдағанда, биыл да рухани жаңғыруға дендей түсетін жыл болмақ.Миуа БАЙНАЗАРОВА, Қызылорда облысы