Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізу туралы Қаулыға қол қойды. Бұл туралы Тұңғыш Президент– Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында хабарлады. "Nur Otan партиясының төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын 2020 жылғы 18 наурызда өткізу туралы Қаулыға қол қойды. Партияның басты міндеттері талқыланады" - деп жазды ол.