Қазақстанға Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы келеді

Гутерриштің кезекті сапары Қазақстан мен БҰҰ арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға зор мүмкіндік береді.

3 тамыз күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстан Республикасына сапармен келеді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Алматы қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш келіссөз жүргізіп, БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын аралап көреді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.