Алматы полициясы «Таза Қазақстан» науқаны аясында тұрғындарға үндеу жасауда

Ішкі істер министрлігі 2025 жылды Профилактика жылы деп жариялаған.

Алматы қаласында «Таза Қазақстан» науқаны жалғасуда, оның аясында қала тұрғындарының жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде, - деп хабарлайды Аikyn.kz сайты. 

Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаевтың айтуынша, бейнебақылау камералары күн сайын қаладағы ластау деректерін тіркеп отыр. 

«Өкінішке қарай, күн сайын адамдардың қоқысты қасындағы қоқыс жәшігіне емес, айналаға тастайтынын, көліктерінен қалдықтарды лақтыратынын, көшеде түкіріп, қақыратынын, ғимараттардың қасбетін және балалар алаңдарын бүлдіретінін көреміз. Бұл – жай ғана жауапсыздықтың көрінісі емес. Бұл – Заңды бұзу және айналаңыздағы адамдарға деген құрметтің жоқтығы», – деді, ол.

Серік Шумаев Ішкі істер министрлігі 2025 жылды Профилактика жылы деп жариялағанын және әр көше, әр аула, әр ауданда Заң мен тәртіпті сақтау басты міндет екенін еске салды.

«Біз қауіпсіз әрі таза елде өмір сүргіміз келеді. Бұл әр адамның жеке жауапкершілігінсіз мүмкін емес. Мұндай әрбір дерек – тек әкімшілік құқықбұзушылық қана емес, сонымен қатар Алматының келбетіне және абыройына нұқсан келтіреді. Өзіңізді құрметтеңіз – қалаңызды құрметтеңіз. Қоқыс тастамаңыз. Түкірмеңіз. Егер біреудің қала тазалығын бұзып жатқанын көрсеңіз, бейжай қалмаңыз, ескерту жасаңыз немесе тиісті қызметтерге хабарлаңыз», – деді, Серік Шумаев.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алматы қаласының ПД (@almaty_police_department)