Мадхия Усманова әйелдер күресінен әлем чемпионы атанды

Жас спортшы турнир барысында қарсыластарының барлығын айқын басымдықпен ұтып, шеберлігі мен табандылығының арқасында жеңіске жетті.

Грекияның Афина қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өрені Усманова Мадхия 57 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленіп, әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды  Aikyn.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Афинада Әнұранымызды шарықтатқан спортшының бұл -халықаралық деңгейдегі ірі додалардағы алғашқы ірі жеңісі. 
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.