Назым Қызайбай махаббат жайлы ашық айтты

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Назым Қызайбай алдағы әлем чемпионатына дайындық барысын бөлісіп, жанкүйерлеріне шабыт сыйлады.

Танымал боксшы қыз жаттығу залынан түсірілген суретін Instagram парақшасына жариялап, жазба қалдырды.

"Егер сен өз ісіңді сүйсең – бәріне төзесің. Басқаларға мүмкін емес көрінетін нәрселердің өзін еңсеруге болады", – деп жазды Назым.

Бұл сөздер тек спортшыларға емес, кез келген адамға арналған мотивацияға айналды.

Назым Қызайбай – Қазақстан әйелдер боксы тарихындағы ең титулды спортшы. Ол – әлем чемпионатын үш мәрте жеңіп алған алғашқы және әзірге жалғыз қазақстандық әйел боксшы.

Соңғы жетістігі – 2025 жылы Астанада өткен World Boxing Кубогының алтын медаль иегері.

4-14 қыркүйегі аралығында Ливерпуль қаласында бокстан әлем біріншілігі өтеді. Назым Қызайбай осы турнирде Қазақстан намысын қорғайтын басты үміткерлердің бірі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.