3 тамыз, жексенбі күні «Астана – Петропавл» автожолының 243-шақырымында Hyundai Elantra және ВАЗ-2107 көліктері соқтығысып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Ақмола облыстық полиция департаменті
ВАЗ-2107 автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал Hyundai Elantra көлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.