Найзағай ойнап, бұршақ жауады: 5 тамызға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі.

5 тамызда ауа райына байланысты еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.    

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі. Күндіз сынап бағаны 35-38 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар. Оралда 5 тамызда найзағай ойнап, бұршақ түседі. Күндіз сынап бағаны 35 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 18 м/с.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 5 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 5 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с. Күндіз 38 градус қатты ыстық болады. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 5 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 5 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі бар. Атырауда 5 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде тұман болады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Күндіз облыстың шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 4 тамыздың сағат 20.00-ден 5 тамыздың сағат 20.00-ге дейін Өскемен қаласы бойынша күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ҚМЖ-ның екінші дәрежелі ескертуі жарияланады. Ауа сапасы нашарлайды.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 5 тамызда күндіз шаңды дауыл тұрып, таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің  екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының оңтүстігіде солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман болады.

Астанада 5 тамызда түнде және таңертең тұман болады.

Жетісу облысының таулы аудандарында, күндіз шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 5 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні 15-20 м/с.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.