InEco Fest – Алматы қаласының жүрегіне қайта оралды

InEco Fest 2025 – инклюзияны, экосана мен тұрақты даму идеяларын тоғыстыратын, Алматының жүрегіндегі Ботаникалық бақта өтетін елдегі жалғыз әрі қайталанбас отбасылық фестиваль.

2025 жылдың 15 тамызында Алматы қаласындағы Бас ботаникалық бақта экология мен инклюзияға арналған жыл сайынғы екінші InEco Fest 2025 фестивалі өтеді. Іс-шараны ITeachMe қоры Ботаника және фитоинтродукция институтымен (Алматы қаласындағы Бас ботаникалық бақ) бірлесіп, «Шеврон» компаниясының серіктестігімен ұйымдастырады, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Фестивалінің мақсаты – әрбір адам өзінің мүмкіндігіне қарамастан өзін еркін көрсете алатын, шабыт беретін, инклюзивті және экологиялық орта қалыптастыру. Бұл – табиғатпен қатар, адамдар арасындағы қарым-қатынаста да жауапкершілік пен қамқорлықты бағалайтын жандарға арналған фестиваль.

Биыл фестивальге 4000-нан астам қонақтар, балалар, ересектер, мүгедектігі бар балалар тәрбиелеп отырған отбасылар, бизнес өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдар қатысады деп күтілуде.

Оның ерекшелігі – басқосу ойын түріндегі квест форматында өтеді. Қонақтар әрбір белсенділікке қатысқаны үшін шағын сыйлық – моншақ алып отырады. Түрлі алаңдарды аралап, белсенділік танытқан қонақтар фестиваль соңында өз қолымен бірегей жасалған білезік құрастырады. Білезік – саналы қоғам құру жолындағы жеке үлестің символы болмақ.

Фестивальдің ерекше сәттерінің бірі – мүгедектігі бар қыз-келіншектер қатысатын инклюзивті сән көрсетілімі болмақ. Бұл көрсетілім – сұлулық пен тең мүмкіндіктердің нышаны ретінде есте қалады.

12:00 мен 16:00 аралығында фестиваль аумағында 8 тақырыптық алаң жұмыс істейді. Қонақтарды түрлі шеберлік сабақтары, интерактивті ойындар, балаларға арналған ертегі-аудио саяхат, ботаникалық бақ бойынша экскурсиялар, эко-жәрмеңке және қайырымдылық маркет күтеді.

16:00-ден 20:00-ге дейін Бас сахнада танымдық дәрістер мен перфоманстар өтеді. Фестивальдің бас жүргізушісі – театр және кино актері Чингиз Капин. Кештің соңында көрермендерге ARTиШОК театры әртістерінің өнері мен режиссер Қанат Бейсекеевтің Алматыдағы смог мәселесіне арналған деректі фильмі ұсынылады. 

Фестивальге қатысу — Ботаникалық бақтың стандартты кіру билетімен. Отбасыңызбен бірге келіп,  шабыт алып, жақсы көңіл-күймен қайтыңыздар!