Найзағай ойнап, күн райы бұзылады: 7 тамызға арналған ауа райы болжамы

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды.

7 тамызда еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, Қарағанды облысының батысында, шығысында найзағай ойнап, күндіз облыстың батысында бұршақ түседі, түнде және таңертең облыстың шығысында тұман болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда кей уақыттарда найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп болжанады. 

Түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 7 тамызда түнде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с болады.

Күндіз Атырау облысының шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі cақталады. Атырауда 7 тамызда күндіз 36-38 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі бар.

Түнде және күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзайғай ойнап, бұршақ түседі, тұман болады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Өскеменде 7 тамызда түнде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-18 м/с.

Түнде Абай облысының шығысында, орталығында, күндіз облыстың батысында найзайғай ойнап, бұршақ түседі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады. Түнде облыстың шығысында, орталығында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 7 тамызда солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады, түнде және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Астанада 7 тамызда күндіз найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Көкшетауда 7 тамызда күндіз найзағай ойнайды.

Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз тау асуларындағы екпіні 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 7 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 7 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың батысында, солтүстігінде күндіз 35 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Павлодарда 7 тамызда күндіз найзағай ойнайды.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 7 тамызда күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың шығысында, оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Петропавлда 7 тамызда найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда 7 тамызда найзағай ойнайды.

Күндіз Маңғыстау облысында 38-40 градус қатты ыстық болып, облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 7 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.