Дәрі­ханалардағы 5 мыңнан астам дәрі-дәрмектің бағасы 30%-ға дейін арзандауы мүмкін

Дәрі-дәрмектің бағасы халық үшін қолжетімді болмақ.

Денсаулық сақтау министр­лігі дәрі-дәрмектің бағасын төмендетуді және тір­кеу рәсімдерін оңайлату арқылы олардың на­­рыққа қолжетімділігін жеңілдетуді жос­пар­ла­ды. Бұл туралы вице-министр Ержан Нұр­лы­баев айтты, - деп хабарлайды Аikyn.kz.

– Дәрілік заттардың шекті бағасын белгілеу мо­делі өзгертілді. Бұрын шекті бағаларға енгі­зіл­ген, бүгінде негізсіз деп танылған кейбір үсте­меақы алып тасталды. Фармацевтикалық қо­ғам­дастықпен бірге аталған модельді сынақтан өт­кізу бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жа­тырмыз. Нәтижесінде, ТМККК және МӘМС шең­беріндегі дәрі-дәрмектің бағасы шамамен 19%-ға, ал көтерме-бөлшек саудадағы баға ша­ма­мен 30%-ға төмендейді деп күтудеміз, – деді Е.Нұрлыбаев.

Оның айтуынша, шекті бағаны реттеу тетігі қай­та қаралған соң дәрі-дәрмектің бағасы халық үшін емханалар мен стационарлар арқылы ұсы­нылатын тегін тізбеде де, сондай-ақ бөлшек дәрі­ханаларда да барынша қолжетімді болмақ. Жаңартылған препараттардың тізбесі ТМККК және МӘМС шеңберінде – 3 475 дәрілік заттың және 2 917 медициналық бұйымның атауын, ал кө­тер­ме және бөлшек сауда үшін  5 936 атауды қам­тиды.

ДСМ вице-министрінің дерегіне сәйкес, ба­ғаны төмендетудің орташа көрсеткіші келе­сі­дей болуы мүмкін: 2 222 дәрі-дәрмек аталымы бойын­ша – 18%-ға дейін, 1 847 медициналық бұйым­ның түрі бойынша – 14%-ға дейін, дәрі­ханалардағы 5 492 дәрі-дәрмектің аталымына қа­тысты баға  30%-ға дейін арзандауы ықтимал. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде елімізде осы салада 207 қазақстандық тауар өндіруші жұмыс істейді. Отандық фармкәсіпорындардың тек 43-і дәрілік заттарды өндіреді. Көпшілігі, 164-і медициналық бұйым­дар жасаумен айналысады.