«Дауысы өте әдемі екен!»: Мақпал Жүнісованың қызы ән айтып, жұртты сүйсінтті

Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жариялады. Мерей Шәмші Қалдаяқовтың "Арыс жағасында" әнін орындаған.

Қазақ халқының сүйікті әншісі Мақпал Жүнісованың қызы Мерей Заманбекқызы кешкі ас үстінде ән айтып, жұртты таңғалдырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жариялады. Мерей Шәмші Қалдаяқовтың "Арыс жағасында" әнін орындаған. 

"Туғандар әндетіп отырмыз. Кештеріңіз жарық болсын!",  - деп жазды әнші. 

Оның дауысын естіген көпшілік таңғалып, желі қолданушылары сүйсініп отыр. 

"Дауысына дейін сізден айнымай қалыпты", "Дауысы қандай әдемі. Керемет орындайды екен", "Өте әдемі дауыс. Кішкене ұялып отырған сияқты", - деп жазды оқырмандары.

Бірақ Мерейдің таланты болса да, ол өнер жолын қаламайтынын айтқан екен. 

"Өзі жалғыз отырғанда жақсы айтады, бірақ әнші болмаймын деді", - деп жауап берді Мақпал ханым.