Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

Ресми мәліметке сәйкес, ол бұл қызметті атқаруын өз еркімен тоқтатқан.

Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың қызметінен кеткенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ресми мәліметке сәйкес, ол бұл қызметті атқаруын өз еркімен тоқтатқан.

"2025 жылғы 7 тамыздан бастап Әсем Нүсіпова Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін өз өтініші бойынша тоқтатты", – делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Әсем Нүсіпова бұл лауазымды 2022 жылдың ақпанынан бері атқарып келген. Оның жетекшілігінде білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау мен жұмыспен қамту салалары болған.