Дженнифер Лопестің концерті кезінде Алматыда қандай көшелер жабылатыны белгілі болды

Алматы Полиция департаменті көлік қозғалысы үш учаскеде сағат 16:00-ден бастап шектелетін картаны жариялады.

Жуырда, яғни 10 тамызда Алматыда әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопестің концерті өтеді. Соған байланысты қалада бірнеше көше жабылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алматы Полиция департаменті көлік қозғалысы үш учаскеде сағат 16:00-ден бастап шектелетін картаны жариялады:

Байтұрсынов көшесі - Шевченко көшесінен Тимирязев көшесіне дейін;
Сәтбаев көшесі - Сейфуллин даңғылынан Байзақов көшесіне дейін;
Абай даңғылы - Сейфуллин даңғылынан Мұқанов көшесіне дейін.