Жәнібектің жекпе-жегі шегерілді
Жәнібектің жекпе-жегі шегерілді
5,149
оқылды
COVID-19  ви­русы қазақ­стан­дық  спорт­шы­лар­ға да кедергі жасап жатыр. Бел­гілі кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлім­ханұлы кең тарай бастаған індеттің кесірінен 28 нау­рызға жос­пар­ла­ған  жекпе-жегін  кейінге ше­гер­ді. Бұл туралы  боксшы Instagram   парақшасында жазды.
«Өкінішке қарай, 28 нау­­­­­рызда Канадада өтетін жек­­пе-жек кейінге қалды. Коро­­на­вирустың салқыны біз­дің жек­пе-жекке де тиді. Үш ай қан мен тер шығарып, қызу дайын­далып, жақсы фор­­ма­ға кіріп едік. Мықты спаррингтер жасап, QAZAQ STYLE-ды шыңдап, шоу көрсетуге дайын болғанбыз. Бірақ Топ ренк (Top Rank Promotions компаниясы) спорт­шылардың денсаулығы маңыз­ды деп шешті. Біздің ғана емес наурыз бен сәуірде өте­тін бүкіл жекпе-жектер тоқ­­­та­тылды», – делінген бокс­­шы­ның Instagram -дағы парақшасында.
Естеріңізге салар болсақ, Жәнібек Әлімханұлы 28 нау­­­­рызда ганалық боксшы Самирмен жекпе-жек өткізуі тиіс еді. Қазақстандық спорт­­­­шы­ның қарсыласы 18 жекпе-жек өткізіп, барлығын, со­ның ішінде 15 кездесуді но­каутпен ұтқан боксшы. Ал Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың 9 қарашасында АҚШ-тың Калифорния штаты Фресно қаласында өткізген болатын. Онда жерлесіміз канадалық Альберт Онолуносені (24-3-1, 8 КО) алтыншы раундта но­каутқа жіберіп, WBC Continental Americas және WBO Global титулдарын қо­рғаған еді.  

Ардақ СҰЛТАН