Қайғылы оқиға кезінде үйде ата-анасы болмаған. Қазір полиция мән-жайды анықтап жатыр.
"Жамбыл ауданының Пресновка ауылында кәмелетке толмаған баланың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін барлық қажетті тергеу амалын жүргізіп жатыр", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.