Алматы облысында жарақат алған шетелдік турист тікұшақпен эвакуацияланды

Зардап шеккен азамат тікұшақпен жерге жеткізілді

Алматы облысындағы Гляциологтар асуында (теңіз деңгейінен 3940 м биіктікте) төрт адамнан тұратын туристік топтың бір мүшесі аяғынан жарақат алды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

ТЖМ мәліметінше, 3-санатты күрделі маршрутпен жүрген топпен байланыс болмаған, себебі телефондар толықтай қуаты бітіп қалған. Оқиға туралы ақпаратты жолда кездескен басқа туристер жеткізген.

Құтқару операциясына ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының (РОСО) тобы, оның ішінде кинологтар да қатысты. Құтқарушылар 1984 жылы туған Ресей азаматына жетіп, алдын ала “табан сүйегінің сынуы” және аяқтың қатты ісінуі диагнозын қойды. Алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, оны тасымалдауға дайындады. ЕС-026 тікұшағының көмегімен турист Боролдай әуежайына жеткізіліп, одан әрі №7 қалалық клиникалық ауруханаға жөнелтілді.