Оқиға Мағжан Жұмабаев аудандық орталығында өтіп жатқан "Жастар-2025" облыстық спартакиадасы кезінде болған.
Облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл дерекке қатысты тексеру басталды.
"Мағжан Жұмабаев ауданында тамақтан төрт адам уланған. Зардап шеккендердің үшеуі – бала, біреуі – ересек адам. Алдын ала деректер бойынша, олардың барлығы 8 тамызда Булаев қаласындағы стадион аумағындағы сауда нүктесінде дөнер жеген. Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы улану дерегі бойынша тексеру жүргізіп жатыр", – делінген ведомство хабарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.