11 тамыз сағат 00:10 шамасында «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 1 396-шақырымында (Батпақты ауылы Осакаров ауданы, ІА санаты) жантүршігерлік жол апаты болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай аударылған.
Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, алты адам түрлі жарақат алған.
"ҚазАвтоЖол" өкілдері жүргізушілерге жылдамдық режимін қатаң сақтап, жолға шығар алдында көліктің техникалық жай-күйін тексеру керектігін ескертеді.