Астанада құрылысшылар 45 күннің ішінде үй тұрғызып, рекорд орнатты

Тамыз айының әр екінші жексенбісінде елімізде құрылыс саласы мамандарының кәсіби мерекесі аталып өтеді.

Астаналық құрылысшылар өздерінің кәсіби мерекесіне орай 45 күнде 9 қабатты тұрғын үй салып, рекорд орнатты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл ерекше жаңалықты белгілі кәсіпкер Айдын Рақымбаев өзінің Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

- Бұл – бүкіл сала үшін зор серпіліс пен технологиялық жетістік. Пәтерлердің бір бөлігі бірден таза әрлеумен тапсырылады, - деп жазды ол. 

Еске сала кетейік, тамыз айының әр екінші жексенбісінде елімізде құрылыс саласы мамандарының кәсіби мерекесі аталып өтеді.