Президент «Ақылды қала» жобасын жедел әрі нәтижелі іске асыруды тапсырды

Жобаны ресми түрде іске қосу желтоқсан айына жоспарланған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамытуға арналған жиында Үкімет пен Астана әкімдігінің елордада «Ақылды қала» ауқымды жобасын жүзеге асыру бойынша нәтижелі жұмыс істеп жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мемлекет басшысының кеңесшісі  Баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың айтуынша, жобаны ресми түрде іске қосу желтоқсан айына жоспарланған.

 Президент бұл тәжірибені Қазақстанның барлық ірі қалаларына таратуды міндеттеді. Сонымен қатар елімізде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту айрықша маңызға ие екенін ескере отырып, Үкіметті формализмнен аулақ болуға шақырды, - деп мәлімдеді Руслан Желдібай.

Президенттің Баспасөз хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект құралдарының экономиканың нақты секторына енгізілуі баяу жүріп жатқанына алаңдаушылық білдіріп, осы орайда Үкіметке жұмысты жедел қолға алуды тапсырғанын атап өтті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.