Ақтөбеде пойыздың басшысын вокзалда пышақтап өлтірді. 28 жастағы күдікті қылмысын перрондағы бейнекамераға қарап тұрып істеген, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты КТК-ға сілтеме жасап.
Қанды оқиға таңғы сағат бес шамасында болды. Пойыз бастығы сол күні демалысқа шыққан. Перронда келе жатқанда алдынан жігіт шығып шылым сұрайды. Темекі бермеген соң, сол жерде алты рет пышақ сұғып алған. Вокзал аумағындағы бейнекамераға қарап қойып, пышақтағы қанды сүртіп, өз жөніне кете барған. 28 жастағы күдікті бұған дейін сотталып, пробация бақылауында жүріпті. Енді ол қайта қамауға алынды.