«Бағанашыл» балалар үйіндегі мәселеден кейін бірқатар шенеунік қызметтен кетті

Президенттің тапсырмасымен Алматыдағы «Бағанашыл» балалар үйіне қатысты жағдайлар тексеріліп жатыр.

Алматы облысында «Бағанашыл» балалар үйіндегі жанжалдан кейін бірнеше жоғары лауазымды тұлға қызметінен босатылды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Еуразия Бірінші арнасының ақпаратына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің келісімімен:

Облыс әкімінің орынбасары Болат Күреңбеков;

Облыстық Білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева;

Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Әбітов отставкаға кетті.

Сонымен қатар облыс әкімінің бірінші орынбасарына қатаң сөгіс берілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.