Велосипед ұрлауды кәсіпке айналдырған күдікті ұсталды

Иеліктегі мүлікке қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алу шаралары жалғасуда.

Ақтөбеде полиция қызметкерлері бірнеше велосипед ұрлығына қатысы бар күдіктіні ұстады. Екі дөңгелекті көліктерді ұрлаудың алдын алу мақсатында жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында 47 жастағы ер адам анықталып, қолға түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Polisia.kz-тің мәліметінше, тергеу барысында күдіктінің көпқабатты үйлердің аулаларынан бекітілмеген велосипедтерді ұрлап, оларды белгісіз адамдарға сатып жібергені белгілі болды. Қазіргі таңда оның 6 эпизодқа қатысы бары дәлелденді. Полиция қызметкерлері ұрланған велосипедтерді тәркілеп, заңды иелеріне қайтарды. Полиция ескертеді:

  • Велосипедтерді қараусыз және құлыпсыз қалдырмаңыз;
  • Мүмкіндігінше арнайы тұрақтарды және күзетілетін орындарды пайдаланыңыз;
  • Ұрлық болған жағдайда дереу полиция бөліміне хабарласыңыз.

Иеліктегі мүлікке қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алу шаралары жалғасуда.