Төтенше жағдай кезінде той жасаған азаматқа айыппұл салынды
Төтенше жағдай кезінде той жасаған азаматқа айыппұл салынды
© сурет интернеттен алынды
96
оқылды
Түркістан қаласының мамандандырылған әкімшілік соты төтенше жағдай кезінде той жасаған азаматқа айыппұл салды. Ведомствоның мәліметінше,  аталған азаматқа қатысты 2020 жылғы 16 наурыз күні өзінің ауласында «Сүндет той» өткізіп, төтенше жағдайдың жариялануына байланысты белгiленген режимдi бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 476-бабының 3-бөлігімен хаттама ресімделген. "Сотта ол өзінің кінәсін толығымен мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтқан. Соттың қаулысымен оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабының 3-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 26510 (жиырма алты мың бес жүз он) теңге айыппұл салынды", - делінген соттың Facebook-тегі парақшасында. Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.