Алматыда "Кар Сити" сауда орталығында жүргізілген рейд барысында шамамен 40 адам полицияға жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Рейд кезінде полицейлер заңсыз сауда жасау, келушілерге жабысып мазалау, жұмыс орындарында және техникалық қызмет көрсету стансалары аумағында шылым шегу деректерін анықтады. Сондай-ақ қоқыс пен автокөлік бөлшектерін рұқсат етілмеген жерге үйіп қою, алкоголь ішімдіктерін ішу және ұсақ бұзақылық фактілері тіркелді.
"Жалпы, 38 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицияға жедел тергеу мүддесі үшін 39 адам жеткізілді. Олардың арасында төртеуі – шетел азаматы, сондай-ақ ата-анасының рұқсатынсыз жұмыс істеген кәмелетке толмағандар бар", – деп мәлімдеді полиция.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.