"Билік тран­зиті бейбіт түрде, дүрбелеңсіз жа­салды"
"Билік тран­зиті бейбіт түрде, дүрбелеңсіз жа­салды"
155
оқылды
– Саяси билік транзитінің бей­біт әрі заңды жолмен ауысуы ең алдымен Қазақстанның сырт­қы саяси келбеті үшін тиімді жол болды. Себебі біздің мем­ле­­кетіміз – посткеңестік кеңіс­тік­тен шыққан елдің бірі. Яғни, сыртқы саяси салмағы толық ор­нықпаған жас мемлекет. Гео­саяси тұрғыда екі жағымызда қос бірдей алып мемлекеттермен ше­каралас жатқан елміз. Біз­дегі билік транзитінің қалай өте­тінін әлемдік қауымдастық та қадағалап отырғаны анық еді. Оның үстіне, көрші рес­пуб­ликалардың тәжірибесіне қа­расақ, бұл мәселенің маңыз­ды­лығы жоғарылай түседі. Айна­ла­мыздағы республикаларда сая­си билік транзиті әрқилы жүр­ді. Сондықтан көптеген сарап­шы, саясаткер түрлі болжам, пі­кір айтты. Бірақ Тұңғыш Пре­зи­дент Нұрсұлтан Назарбаев та­ри­хи ше­шім қабылдап, ол бол­жам­дардың не­гізсіз екенін дәлелдеді.
Біріншіден, бұл мемлеке­ті­міз­дің ішкі тұрақтылығын ұзақ­мер­зімді қамтамасыз ететін шешуші қа­дам. Әрбір саяси жүйенің тұрақ­тылығы сол жүйенің саяси эли­таларының ауысуымен, жаңа­руы­мен тікелей байланысты. Ел­ба­сымыз қабылдаған шешім не­гізінде бұл жолдан біздің еліміз, қоғам сәтті өтті.
Екіншіден, инвесторлар үшін сырттан келетін инвестиция ағы­мы үшін де өте тартымды сая­си қадамдар жасалды. Өйткені Қа­зақстан тәуелсіздік алысымен өзінің сыртқы саяси келбетінің ар­қасында өңірде ең көп инвести­ция тартқан көшбасшы мемлекет. Республикамызға 300 млрд дол­лардай қаржы құйылды.
Сондай-ақ мұны Қазақ­стан­ның билік транзиті моделінің бі­ре­гейлігі деп айта аламыз. Ал­ғаш рет посткеңестік кеңістікте ор­наласқан елдер ішінде билік тран­зиті бейбіт түрде, дүрбелеңсіз жа­салды. Бұл да өзге көршілес рес­публикаларға үлгі боларлық сце­нарий.
Қазіргі таңда Елбасының бе­делі мен тәжірибесі жүйеден жо­ғары мәртебеге ие болып отыр. Яғни, Н.Назарбаев саяси те­тік­тер арқылы Қазақстанның мем­лекеттік тұрақтылығын сақтауға үле­сін қосуда. Тәжірибелі сая­сат­кердің бұл қадамы, саяси арен­да­ғы салмағы елімізге қызмет ете бер­мек.