Қорғаныс министрлігі Польшадағы Қазақстан әскери атташесінің аппараты қызметкерінің ұсталғанын растады

Бұл туралы министрліктің Халықаралық қатынастар орталығы ресми түрде мәлімдеді.

ҚР Қорғаныс министрлігі Польшада әскери атташенің аппарат қызметкері ұсталғанын растады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы министрліктің Халықаралық қатынастар орталығы ресми түрде мәлімдеді.

– Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Халықаралық қатынастар орталығы Польша құқық қорғау органдарының қазақстандық әскери атташенің аппарат қызметкерін ұстау фактісін растайды.

Қазіргі уақытта бұл жағдайды шешу үшін шетелдік тараппен өзара іс-қимыл жасалуда. Сондай-ақ  Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қажетті шаралар қабылдануда, – делінген ресми ақпаратта.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.