Әнші Бүркіт Дженнифер Лопестің концертіне неге бармағанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші Instagram-да видео жариялап, әйелін мақтады.
«Сәлеметсіздер ме? Бәрі менен «Дженнифер Лопестің концертіне бардың ба?» деп сұрап жатыр. Өзімнің ханшайымым тұрғанда оны не істеймін?» - дейді әнші әйелі Аишаны көрсетіп.
Өнер иесі жігіттерді әйелді бағалауға шақырды.
«Өз ханшайымыңызды бағалап, қамқор болыңыз», - деген жазба қалдырды әнші видеоға.
Желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, әйелі сұлу екенін айтып жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.