Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық тамыз конференциясына қатысты

Астанада жыл сайынғы ұстаздардың Республикалық тамыз конференциясы өтіп жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың Республикалық тамыз конференциясына қатысып отыр, –  деп хабарлайды  Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Биылғы жиын «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбына арналады. 

Республикалық Тамыз конференциясы аясында кеше «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» панельдік секциясы өтті. Оған өңірлік білім басқармалары мен әдістемелік орталықтардың өкілдері, арнайы білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.