Мемлекет басшысы Үндістан премьер-министрін құттықтады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай премьер-министр Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

– Бұл күн үнді халқының мызғымас рухы мен мемлекеттік құрылыс, экономикалық даму және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолындағы тамаша жетістіктерін көрсетеді, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынас сипатын оң бағалап, екі елдің стратегиялық серіктестігі алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді