Семейде полицияның көз алдында ер адамды соққыға жығып, пышақтап кеткен

Күдіктілер ұсталып, жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.

Семейдің орталығында, орталық полиция бөлімінің ғимаратынан небәрі бірнеше метр жерде, күндіз бірнеше ер адам өтіп бара жатқан азаматты соққыға жығып, пышақ жарақатын салған, - деп хабарлайды Aikyn.kz POLITICO.KZ-ке сілтеме жасап. 

Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеді. Бұл полицияның көз алдында болған шабуылға байланысты жұрттың ашу-ызасын туғызды. 

Полиция департаменті қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады. Күдіктілер ұсталып, жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.