Құзға өрмелеуші Ришат Хайбуллин Қытайда өтіп жатқан дүниежүзілік додада жүлдегер атанды

Қазақстандық спортшы «жылдамдық» бағдарламасында қола медаль жеңіп алды.

Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан құрамасының өкілі Ришат Хайбуллин Чэнду (Қытай) қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Дүниежүзілік ойындарында үшінші орын алды,  деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы «жылдамдық» бағдарламасында қола медаль жеңіп алды.

Бірінші орынды Қытай спортшысы Цзянь Го Лун иеленді. Екінші болып Индонезия өкілі Киромал Катибин мәреге жетті.

Әмір Маймұратов –  15-орын, Бекнұр Алтынбеков –  23-орын, Дамир Тоқтаров  28-орынға тұрақтады.