Өңірлік даму – өзекті мәселе

Парламент Мәжілісі депутаттары өңірлерді аралап, жергілікті өндіріс орындарымен, құрылыс жұмыстарымен танысып, тұрғындармен өзекті мәселелер жайлы талқылау ұйымдастыруда.

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүше­сі Ерболат Сатыбалдин Ұлытау облысында «Жезқаз­ған – Қызыл­орда» тасжолының жағдайымен та­нысты. Аймақта «Қызылорда – Жезқазған» авто­жолының 200 ша­­қырымнан астам бөлігі реконс­трукциядан өтуде. Жұмыс барлық учаскеде жүріп жатыр. Кейбір учас­келерде уа­қыт­ша айналма жол­дар арқылы қоз­ғалыс ашыл­ды, жаңа жолдың алғашқы шақы­рымдары төселуде, су өткізгіш құ­бырлар мен көпір тіректері ор­на­тылуда. Шымтезек, битум және басқа да құрылыс материалдары Қазақстандағы карьерлер мен зауыттардан жет­кізілуде. Депутат жөнделіп жатқан жолдардың сапасы мәселесін жеке бақы­ла­уына алып, мердігер­лерге жұмыс қарқынын жеделдету қажет еке­нін айтты.

Жетісу облысына жұмыс са­пары аясында Мәжіліс депутаты Азат Перуашев жақында Талды­қор­ғанда ашылған ASMA Industrial заманауи өндірістік аккуму­лятор зауытын аралап көрді. Кә­сіпорында электр техникасы, энергетика, телекоммуникация, жаңартылатын энергия көзде­рін­де электр қуатын жинақтау үшін пайдаланылатын акку­му­ляторлар өндіріледі. Кәсіп­орын­ды аралау барысында депутат шикізат жет­кізу, салық салу және басқа да бірқатар мәселеге назар аударды. 

Сондай-ақ Мәжіліс депутаты Наурыз Сайлаубай Қапшағай­да­ғы №6 жағажайда жұмыс істейтін кәсіпкерлермен кездесті. Бас­қо­суда жағалау аумағын абаттан­ды­ру, инфрақұрылымды жаңғырту және бизнестің мүддесін қорғау мәсе­лелері талқыланды. Бас­қо­суда кә­сіпкерлер инженерлік коммуни­ка­циялардың жоқтығы, кешенді абаттандырудың қажет­тілігі мен әкімшілік шектеулер сияқты бірқатар мәселеге назар аударды. 

Шымкент қаласында жол-көлік инфрақұрылымын жаң­ғырту аясында Момынов көше­сінде теміржол үстінен жаңа ав­то­көлік өткелі салынып жатыр. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» пар­тиясы фракциясының мүшесі Бо­латбек Нажметдинұлы құры­лыс барысымен танысып, бұл жоба қаладағы қозғалысты жеңіл­детіп қана қоймай, кептелістерді азайтып, жол қауіпсіздігін артты­ратынын атап өтті. Жоба аясында төрт жолақты өткелде жаяу жүр­гіншілерге арналған жол және бағдаршамдар орнатылады. Құ­рылыс 2024 жылғы қарашада бас­талды, қазір нысанның 50 пайызы дайын. Мердігер ұйымның мәлі­метінше, жұмыс жоспарға сәйкес жүріп жатыр. «Шымкент – елі­міздегі ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Оның жол желісі жаңартуды қажет етеді. Жол өткел «AMANAT» партиясының сай­лау­алды бағдарламасы аясында са­лынып жатыр және бұл – біздің сайлаушыларға берген нақты уә­делеріміздің бірі. Мен осы жо­ба­ның бағдарламаға енуіне бас­та­­машы болып, қаржы бөлінуіне ық­­пал еттім. Қазір нысанның құ­­­­ры­лысы сәтті іске асуда, оны жеке өзім бақылауда ұстаймын, – деді Болатбек Нажметдинұлы.

Ал Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракция­сының мүшесі Самат Мұсабаев Жа­ңаөзен қаласына барды. Мұн­да депутат газ өңдеу зауытының құ­рылысымен танысты. Жоба құ­ны  216,8 млрд теңгені құрайды. Құ­ры­лыс-монтаж жұмысы биыл 3 нау­рызда басталды. Жаңа ны­сан­ның қуаты жылына 900 мил­лион текше метр табиғи және ілес­пе­­газ өнді­руге қауқарлы. Бұл – елі­міз үшін аса маңызды стра­те­гиялық нысан. Жобаны 2027 жыл­ға дейін жүзеге асыру жоспар­ланып отыр. «Жаңа­өзен қаласын­да жұмыс істеп тұрған ескі Қазақ газ өңдеу зауыты сонау 1973 жылы ашылған еді. Өндіріс қуатын арт­тыру мақсатымен са­лы­нып жат­қан жаңа зауыт сұйы­тыл­ған газ тапшылығын жояды. Ны­сан құ­ры­лысы талапқа сай са­­­­лы­нып, белгіленген мер­зім­де аяқ­­талуға тиіс. Бұл жұмыс ұдайы біз­дің ба­қы­лауымызда бола­ды», – деді де­путат Самат Мұсабаев.

Алматыда Мәжіліс депутаты Кен­жеғұл Сейтжан зағип және на­шар көретін азаматтарға арнал­ған республикалық кітапханада өткен параспортты дамыту мәсе­лелеріне арналған дөңгелек үс­телге қатысты. Депутат Кенжеғұл Сейтжан өз сөзінде спорттың, әсі­ресе мүмкіндігі шектеулі жан­дар үшін, ерекше шабыт беретінін атап өтті.

Талқылау барысында пара­спорт түрлерін жастар арасында танымал ету, жарыстарды ұйым­дастырудағы инфрақұрылымды жақсарту, халықаралық тәжірибе алмасу, қаржыландыруды ұлғайту және қоғамда параспортты наси­хаттау мәселелері көтерілді.

Мейір ЖАСЫН