Марқұмның өліміне қатысты адвокат Инга Иманбайдың айтуынша, іс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Антикор) тергеушісіне берілген. Оның айтуынша, Антикор ҰҚК-ге қосылғаннан кейін тергеушілер қайта аккредитациядан өтуі қажет болған.
"Іс жабылған жоқ. Материалдар Антикор тергеушісіне берілді. Аккредитация процесі аяқталған соң тергеу белсенді түрде қайта жалғасады", – деді адвокат.
Сондай-ақ адвокат қазаға қатысы бар делінген қыздардың қазіргі жағдайына тоқталды.
"Олар Алматыда. Бұған дейін, яғни іс маған өткенге дейін Қытайға жиі кетіп жүрген. Қазір оларға елден шығуға тыйым салынды", – дейді ол.
Алматы қаласы Полиция департаменті де істің Антикорға жолданғанын растады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.