17 тамызға арналған ауа райы болжамы

Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста, солтүстікте түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.

Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық бөлімдердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстікте, орталықта қатты жаңбыр, кей аудандарда бұршақ жаууы мүмкін.

Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +20+22°C, желдің жылдамдығы түнде 2-7 м/с, күндіз 7-12, кейде екпіні 15-18м/с-ге жетеді.

Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +28+30°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с, кей уақытта екпіні 13м/с-ге жетеді.

Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +28+30°C, желдің жылдамдығы түнде 5-10 м/с.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.