Бүгінде балалары да, келіні де трактор жүргізеді, - деп хабарлайды Аikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.
Ақбай-Қызылбай ауылының тұрғыны Шәйза Өтебаева жастайынан техникаға үйір болған. Қырдағы еңбекке ерте араласқан. Қаршадай қыз жер жыртып, шөп шауып, қыстақтарға мал азығын жеткізген. Сол қайсар мінезі арқасында небәрі 15 жасында озат механизатор атанды.
Техниканы жетік меңгергеннен кейін «К-700» тракторды да, комбайнды да жүргізді. Шәйза Өтебаеваның өмірлік серігі Байсерке Әшімов те үздік механизатор болды. Қазір балалары, тіпті келіні де трактор тізгіндей алады.
Шәйза әже дүниеге 8 бала әкелген алтын құрсақты ана. Ауылдастары оны түздегі қауырт жұмыста жүргенімен, үй шаруашылығына да, бала тәрбиесіне де үлгеретінін айтады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.