Араларында жетекші мамандар, талдаушылар, технологтер бар мамадардың пікірінше, келешекте ең көп сұранысқа ие болатын салалардың бірі ғарыш пен ғайып (виртуалды) шынайылық болмақ. Зерттеушілердің айтуынша, цифрлық технологиялар дәуірінде мансаптық және тұлғалық тұрғыда жоғарылауға мүмкіндіктер көбейеді.
«Бұл жұмыстар фантастика саласынан алынғандай көрінгенмен, олар қазірдің өзінде болып жатқан өзгерістерді білдіреді. Ішінара жасанды интеллекті көп тарала бастағандықтан, еңбек нарығы бұрынғыдан жылдамырақ өзгеріп жатыр», – дейді Microsoft-тың Windows пен Surfase-ті жасайтын бөлімшелерінің басшысы Райан Асдоуриан.
Бұған қоса, зерттеу авторлары қазіргі мектептер мен ЖОО оқып жүргендердің 65% қазіргі кезде әлі пайда болмаған қызметті атқарады деп ойлап отыр. Осыған орай, компанияның сауалдарына жауап берген сарапшылар жастар тар шеңберге мамандануды талап ететін дәстүрлі білім беру моделінен кетіп, бірқатар жаңа білім мен дағдыларға машықтануын қолдайтынын айтқан. «Біз өзінің келешегіне алаңдайтын студенттердің көбейіп келе жатқанын көріп жүрміз. Олар өздерінен озып кеткен заманауи технологиялармен жұмыс істеуге дайын емес екенін сезеді», – дейді Microsoft өкілі Райан Асдоуриан.
«Бірнеше салада икем-дағдылардың болуы үлкен маңызға ие болып келеді. Мысалы, виртуалды тіршілік ортасы дизайнерінің, редактор жұмысын атқаратын да машықтары болуы керек. Оның үстіне, бұл мамандық геймдизайнға да ұқсайды. Меніңше бұндай маманда, ең бір өзекті деген сұрақтарға жауап бере алуы үшін, сәулетшінің және психологтің біліктілігі де болуы тиіс?», – дейді The Future Laboratory редакторы әрі баяндама авторларының бірі Стив Тоз.
2025 жылдан бастап және одан ары қарай
1) Ғарыш гиді
2020 жылдардың екінші жартысынан бастап ғарыш сапарлары басталатынына ғалымдардың сенімі кәміл. Осыған байланысты осындай сапарларды қауіпсіз әрі қызықты ете алатын кәсіпқой мамандарға деген мұқтаждық пайда болады. Мысалы, ғарыштық туризм саласының мамандары біздің ғаламшарымыздан тыс жерлерге апаратын турларды түзумен айналысады.
2) Жеке деректер кураторы
«Ми – компьютер» интерфейстері 2020 жылдардың аяғына карай көп таралып кетеді. Бұндай құрылғылар адамдарға өздерінің ойларын, есте қалған жайларды және арман-қиялдарын жазып отыруға, сондай-ақ оларды әлеуметтік желілер арқылы жұртпен бөлісіп отыруға мүмкіндік береді. Жеке деректер кураторлары нейроинтерфейстер мен интернетті қолданушыларға барлық ақпараттар легін бейімдеп отыруға көмектеседі.
3) Қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі инженер
Алдын ала жасалған болжамдарға қарағанда, 2025 жылға қарай Жердегі халық саны 10 миллиард адамға жететіндіктен, табиғи ресурстар барлығына жетпей қалуы мүмкін. Қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі инженерлер бүкіл дүниежүзінің флорасы мен фаунасынан алынған үлгілерді пайдалана отырып, экологиясы нашарлаған жерлердегі экожүйелерді оңалтумен айналысады. Сонымен қатар vұндай мамандар жойылып кеткен өсімдіктер мен жан-жануарлардың түрлерін қалпына келтіреді.
4) Тұрақты қуат беру құралдарын жасаушы
Зерттеушілердің пайымдауынша, 2020 жылдардың ортасына қарай адамзат тиянақты энергетикаға көшеді де, күн мен жел қуатын пайдалана бастайды. Болашақ адамдарының алдынан шығатын негізгі проблема бұл қуат көздерін пайдалана алмайтын кездері: ауа райы бұлыңғыр және жел жоқ уақытта қуатты қайдан алу мәселесі болмақ. Тұрақты қуат беру құралдарын жасаушылар, бұл – химия және материалтану сияқты салалардан хабары бар мамандар. Олардың басшылық етуімен “заттар Интернетіне” кіріптар болған үстіне бола беретін халықтың мұқтаждығын қанағаттандыруға қауқарлы батареялардың жаңа буынын жасау басталады.
5) Адам денесінің дизайнері
Технологиялар қарыштап дамып жатыр. Зерттеушілердің болжауына қарағанда, болашақтағы адамның тіндері мен ағзалары қалпына келтіру мен ауыстыру үйреншікті құбылысқа айналып кетеді. Адам денесінің дизайнерлері, биоинженерияны қолдана отырып, адамдардың денелері мен дене мүшелерін мүсіндеп, адамдар өздерінің түр-тұлғасы қандай болғанын қаласа, сондай қылуға көмектеседі. Бұл соңғысы протездердің – сәндік протездердің де, функционалдық протездердің де кеңінен таралуы нәтижесінде іске асады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.