Астанада бірнеше автобус бағыты уақытша өзгерді

CTS компаниясының ақпаратынша, қаладағы бірнеше қоғамдық көліктің жүру бағыттарына өзгеріс енгізілді.

Қазір елордада бірнеше магистральда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Осыған  байланысты келесі автобус бағыттары өзгереді:

  • №10,
  • №12,
  • №21,
  • №29,
  • №29А,
  • №35,
  • №46,
  •  №50,
  • №70.

 «Уақытша қолайсыздықтар тек жөндеу кезеңінде болады. Барлық бағыттар бойынша қозғалыс қалпына келтірілген соң, автобустар бұрынғы сызбасы бойынша жүреді», – деп хабарлады CTS.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.