Каспий теңізінен үлкен қара дақ анықталды

Дақтың аумағы – 82 шаршы шақырым.

16 тамызда "Мөлдір әлем" жобасының экологтері Каспий теңізінен ластаушы дақты анықтады.

"Каспийдегі мөлдір әлем" жобасының қатысушылары Sentinel-1A радиолокациялық фотосында үлкен фрагменттік дақ тіркелгенін айтты. Жобаға қатысушылардың айтуынша, ол мұнай немесе балық аулау қалдықтарынан тұруы мүмкін. 

Ол Қазақстан және Әзербайжан секторларын қамтитын Құрық портынан Бакуге дейінгі кеме қатынасы бойымен созылып жатыр.

"Бұл енді судағы кездейсоқ "лас дақ" емес, Каспий картасындағы тұтас қара белгі", – деп хабарлады Transparent World.

Олар мұндай шығарындылар жалғаса берсе, теңіздің жағдайы құриды деп алаңдайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.