Өскемен қаласында көпқабатты үйдің подъезінде электр қалқаны тұтанды. Оқиға Назарбаев даңғылы бойындағы үйдің 3-қабатында болған.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері баспалдақ алаңын басқан түтін арасынан құтқару қалпақтарының көмегімен екі адамды құтқарып шықты. Сондай-ақ, тағы алты тұрғын, оның ішінде бір бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрт дер кезінде сөндіріліп, тұрғындар аман қалды.