Берік Асылов: Есірткі қылмысымен күресте ІТ технологиялар қолданылады

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов күмәнді қаржы ағындарын анықтау шаралары туралы мәлімет берді.

Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев күмәнді қаржы ағындары құқық қорғау органдарының назарынан тыс қалмас үшін оларды бақылау қажеттігіне назар аударды.

Бас прокурордың айтуынша, осы жұмыс аясында есірткі бизнесін ұйымдастырушылардың мүлкі мен цифрлық активтерін тәркілеудің арнайы қағидаты бойынша жаңа әдістеме әзірленген.

Арнайы прокурорлар бес облыста жалпы сомасы 9 миллиард теңгеден астам соманың қылмыстық істерін осы әдіспен тергеп жатыр. Ақтау мен Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топтың 9 мүшесі 2,3 млрд теңгені (1,2 млрд қолма-қол ақша және 1,1 млрд банктік шоттарда) қолма-қол ақшаға айналдыру кезінде ұсталып, аса ірі көлемдегі есірткі заттары тәркіленді.

Ұлытау облысында құны 6 миллион доллар болатын криптовалюта тәркіленді. Астанада бірнеше дәріхананың қызметі тоқтатылды, құны 3,8 миллион доллар болатын криптовалютаны (88 әмиян) тәркілеу шаралары қабылданды. Шетелде жасырынып жүрген ұйымдастырушылар ұсталды.

Шымкентте арнайы прокурорлар АҚШ-тың есірткіге қарсы күрес басқармасының көмегімен ірі дәріхананың, соның ішінде криптовалютаның шетелдік ағындарын жылдам қадағалап, 70 миллиард теңгеге 500 мың транзакцияны анықтап, 2 астыртын зертхананы жойып, 24 қатысушыны қолға түсірді. ҰҚК мен полиция 12 миллион долларға криптовалюта ісін тергеп жатыр.

Барлық есірткі тасымалы интернетте жалған аккаунттар, криптовалюта және P2P төлемдері арқылы жүзеге асырылатынын ескерсек, есірткі қылмысымен күресте ІТ технологиялар қолданылады. «Дропперлік» транзакцияларды блоктау алгоритмі есірткіге қатысты барлық қылмыстық істерде қолданылады. Жыл басынан бері 2,3 млрд теңгеге 85 мыңнан астам карта ұсталды. Жалпы алғанда, арнайы прокурорлардың істерімен бірге есірткі істері бойынша тәркіленген мүліктің сомасы 11,5 миллиард теңгеден асады, – деп мәлімдеді Бас прокурор Берік Асылов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.