Өңірлерде ауыл шаруашылығы жануарларын АШЖБ жүйесінде тіркеу мәселесі әлі де өзекті. Мал басын толық цифрландыру және эпизоотиялық жағдайды бақылау сапасын арттыру мақсатында Серік Жұманғарин АШМ-ге әкімдіктермен бірлесіп, ауыл шаруашылығы санақтары кезінде нақты шаралары бар жол картасын жедел әзірлеуді тапсырды.
«2023 жылдан бастап Қазақстан вакцина мен диагностиканың отандық өндірісін ұлғайтуда. Отандық препараттардың үлесі 68%-дан 82%-ға дейін өсті. Елде сатып алынатын 22 вакцина атауының 18-і өзімізде шығарылады», – деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин.
Сондай-ақ осы жылдан бастап зертханалық базаны жаңғырту басталды. Алдағы екі жылда Қазақстан бойынша жабдықты жаңарту толық аяқталмақ. Биыл Ұлттық ветеринария референттік орталығы мен Республикалық ветеринариялық зертхананың жабдықтары жаңартылатын болады.