Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық бойынша төрағалық еткен судья Әбинұр Қарабаевқа қатысты тергеу тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Сот отырысында судья Қарабаевтың тілін шығарған видеосы желіде тарап кетті.
Шымкент сотының баспасөз қызметі судьяның тәртібі жан-жақты тексерілетінін мәлімдеді.
"Шымкент қаласы әкімінің орынбасарын өлтіруге оқталу туралы қылмыстық істі қарау кезінде төрағалық етуші судья Әбинұр Қарабаевтың әрекеті Судья әдебі кодексін бұзғаны үшін тергеліп жатыр", – деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.
Қызметтік тергеп-тексеру материалдары сот әдебі жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі.
"Судьяның беделін түсіретін құқықбұзушылық жасау фактісі расталса, материалдар Жоғарғы Сот кеңесі жанындағы сот жюриіне жіберіледі", – деп толықтырды соттың баспасөз қызметі.