Ән шырқап, күйзелістен шықтым – Дженнифер Лопестің әнін қазақ тілінде орындаған қыз (видео)

Дженнифер Лопестің Ain’t Your Mama әнін қазақ тілінде орындаған өнерпаз бұл әннің мағынасы өзіне ұнағанын айтты.

Әлеуметтік желіде әлемдік хит әндерді қазақ тілінде орындап, танымал болған Мөлдір Байбуринова Jibek Joly телеарнасына сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Дженнифер Лопестің Ain’t Your Mama әнін қазақ тілінде орындаған өнерпаз бұл әннің мағынасы өзіне ұнағанын айтты. Сонымен қатар өміріндегі қиын кезеңнен ән арқылы шыққанын жеткізді.

– Джей Лоның  Ain’t Your Mama  туындысын аударып, орындау тиімді деп шештім. Ондағы «Жауапкершілікті өз мойныңа ал, сен бала емессің, есеюің қажет» деген жолдар маған ұнады. Бұл – кез келген адамға арналған кеңес. Кейде мен де өзімді бала сияқты ұстаймын. Маған өмірімде жаңа серпін қажет болды. Бір кезеңде күйзелісте жүрдім. Сол уақытта ішімдегіні ән арқылы шығардым, – дейді әнші.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от JIBEK JOLY (@jibek_joly.tv)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM    арнасынан табасыз.